Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

№ 52 газет

15 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Кассациялық сот туралы

Кассациялық сот туралы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айында отандық бизнес өкілдерімен кездесу барысында азаматтардың құқықтарын сапалы қорғауды қамтамасыз ету үшін жекелеген кассациялық соттар құрудың маңыздылығы туралы атап өтті.

Президенттің айтуынша, бүгінде қылмыстық және азаматтық істердің бес пайызы ғана кассацияға беріледі. Бұл аз және азаматтардың қажеттіліктеріне сәйкес келмейді. Сондықтан дербес кассациялық инстанция құру мәселесі бойынша заң және кәсіпкерлік қоғамдастықпен консультациялар өткізу қажеттігі пісіп-жетілді.

Тұжырымдамаға сәйкес, дербес кассациялық сатыны құру кезінде Жоғарғы Сот қадағалау сатысы болады, оның шешімдері бірыңғай сот практикасын қалыптастыру үшін төмен тұрған соттардың шешімдер шығаруы үшін негіз болуға тиіс. Жоғарғы Сот басшылығы барлық мүдделі тараптармен – депутаттық корпуспен, мемлекеттік органдармен, бизнеспен, заң қауымдастығымен және халықаралық ұйымдармен кассациялық соттар құру мәселесі бойынша жұмыс кездесулерін өткізуді жоспарлап отыр. Біздің ойымызша, тәуелсіз кассациялық инстанцияны құру мәселесі өте өзекті. Бұл дауларды сырттан және объективті қарауға, азаматтардың бостандықтарын сақтауға және олардың құқықтарын қорғауға оң әсер етеді. Республиканың әрбір азаматына мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Конституцияда және елдің заңында көзделген құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен әрекеттерінен сот арқылы қорғалуына кепілдік беріледі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында сот жүйесі әділдікті барынша объективті, ашық және жария түрде жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасының сот жүйесін дамуына үңілсек, барлық қабылданған шаралар сот ісін жүргізуді оңтайландыруға, процеске қатысушыларға қо­лайлы жағдайлар жасауға, сот істерін шешу тәртібін барынша жеңілдетуге және жеделдетуге бағытталғанын көреміз.

Жалпы, істерді қараудың апелляциялық тәртібін 2001 жылдан, ал 2009 жылдан бастап, кассациялық іс жүргізуді енгізу жергілікті соттарға (облыс шегінде) облыс деңгейінде түпкілікті шешім қабылдауға мүмкіндік берді. Бұл да сот төрелігін іске асыру сапасын жақсартуға ықпал етті.

Бұл арқылы соттардың қолжетімділігі заңнамалық тұрғыда кеңейіп, азаматтар үшін өз құқықтарын қорғау мүмкіндігіндегі шектеулерді барынша жоюға мүмкіндік берілді. Соның нәтижесінде соттар қараған азаматтық істер саны екі еседен астамға артты. Демек, халықтың сотқа деген сенімі күшейді.

Бұл 2016 жылға дейін жалғасып, осы кезеңнен бастап, сот ісін жүргізу процесін жеделдету мақсатында бес буынды сот жүйесінің орнына үш буынды жүйе енгізілді.

Қазіргі таңда үш буынды жүйені: бі­рінші саты – аудандық және оларға те­ңес­тірілген соттар (қалалық сот, ауданаралық сот), екінші саты – облыстық және оларға теңестiрiлген соттардағы (рес­публика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары) апелляциялық саты және үшінші саты – Қазақстан

Республикасының Жоғарғы сотының кассациялық сатысы құрайды.

Алайда, кассациялық сатыда кейбір іс­тердің қайта қаралмауы бойынша көптеген пікірталастар туындаған.
Мәселен, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодекске сай азаматтық істердің кассациялық сатыда қаралуы үшін тиісті талаптар белгіленген.

Атап айтқанда, азаматтық сот ісін жүргізудегі талап қою сомасы жеке тұлғалар үшін 2 мың АЕК-тен және заңды тұлғалар үшін 30 мың АЕК-тен аз болған кезде, олар кассациялық сатыда қаралуға жатпайды. Сол сияқты, қылмыстық
сот ісін жүргізуде қылмыстық теріс қылықтар туралы істер де қаралмайды.

Осыған орай, осы мәселенің бірден-бір шешімі сот жүйесінің дербес кассация­лық сатысының құрылуы.
Сондықтан сот жүйесіндегі барлық оң өзгерістер жалғасады және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың тиімділігін арттыруға ықпал етеді деген үлкен үміт бар.




Д.Е.Ералиев Сырдария аудандық
сотының төрағасы міндетін атқарушы 
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ

22 шілде 2025 ж. 50 0