Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 42 газет

10 маусым 2025 ж.

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » «Жалын» лагері – шаттық пен шабыттың мекені

«Жалын» лагері – шаттық пен шабыттың мекені

Жаз – оқу аяқталып, оқушылардың көңілі көтеріліп, демалатын, дамитын шағы. Түрлі демалыс орындары ашылып, балалардың жан-жақты қалыптасуы қарқынды жүреді. Сондай демалыс орындарының бірі – «Жалын» сауықтыру лагері.

Әр он күн сайын жаңа тынығушы­лары­на есігін айқара ашатын сауық­­­тыру лагері алғашқы тынығу­шы бала­ларды шығарып салды. Салтанатты кешті аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ашып, балаларға ақ тілегін жаудырды. Әрі қарай сөз кезегін аудандық білім бөлімінің кәсіподақ комитетінің төра­ғасы Алмас Есназар, «AMANAT» пар­тиясы Сырдария аудандық филиа­лы­ның Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудан­дық қоғамдық кеңес­тің төрағасы Марат Еспенбетов, ардагер ұстаз Сансызбай Сәдуақасов және қоғамдық кеңес мүшелері жал­ғап, балаларға ақжарма тілегін біл­дірді.

Сонымен қатар он күн бойы лагерде ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысқан тынығушылар марапатталды. Атап айтқанда, «Үз­дік суретші» аталымын Арша Бақытжан, «Үз­дік футболшы» аталымын Мейіржан Тимурұлы, «Үздік қақпашыны» Ернұр Бақытжанұлы, «Үздік бишіні» Жанель Нұрланқызы, «Үздік домбырашы» аталымын Даулетхан Көзейбай, «Үздік актер» аталымын Сырым Сұлтанбек, «Үздік пародистті» Ақдаулет Алмас, «Үздік әзілкешті» Айзере Сағынова, «Үздік волей­болшыны» Ботагөз Қорғанбаева, «Үздік сәнқойды» Мадина Нұрлы­бекқызы, «Үздік диско-жұлдыз» номинациясын Аделя Темірханова және «Үздік әнші» номинациясын Динар Махмут жеңіп алды. Сондай-ақ, «Лагерь серісі» атағын Қасымжомарт Төлепберген, «Үздік топ басшы» номинациясын Қарақат Уалихан, «Көңілді кейіпкерді» Жұлдызай Ерназарова, «Үздік ұйымдастырушыны» Айдана Айтқожаева, «Сахна шебері» номинациясын Ақниет Сәндібекова, «Үздік гитаристті» Тоқтаржан Кеңесов, «Үздік өнертапқыш» номинациясын Ләйлім Жарылқасын және «Күлкі генераторы» атағымен Нұрасыл Әбіласан марапатталып, сый-сияпат табысталды.

Мерейлі мереке көтеріңкі көңіл-күймен қыза түсті. Балалардың шығар­машылық өнерімен жалғасқан салтанатты іс-шара өз мәресіне жетті. «Жалын» сауықтыру лагерінің басшысы Әділбек Бәйменов кешті қорытындылап, барша тынығушыларға алдағы жазғы демалысына сәттілік тіледі.

– Бүгінгі лагердің алғашқы ке­зеңінің жабылу салтанаты өз дең­гейінде өтуде. Ұйымдастырылған түрлі іс-шараларға белсене қатысқан және әр тынығушы балаға шаттық пен шабытқа толы көңіл-күй сыйладық деп ойлаймыз. Алған марапаттарың жетістіктеріңнің бастамасы болсын. Алдағы уақытта сендерді «Жалын» сауықтыру лагері асыға күтеді, – деді демалыс орнының басшысы.

Гүлсезім ЖАНСЕРІКҚЫЗЫ

10 маусым 2025 ж. 184 0