Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Отбасы ыстық ұя

Отбасы ыстық ұя

Отбасының іргетасы ата-анаға байланысты. Ал балалар келешек ұрпақтың көрінісі. Осыны арқау ете отырып, аудандық "Қызғалдақ" бөбекжай балабақшасының ұйымдастыруымен жас отбасылар арасында спорттан толағай жарысы өтті.

4 кезеңнен тұрған сайыс қызықты әрі тартысты өтті.  Әр отбасы бүлдіршіндерін алға жетелеп, бағыт-бағдар беріп отырды. Допты серік етіп, шеңбермен кедергілерден жүгіріп өту жылдамдықты талап етті. Мергендер сайысында бүлдіршіндердің қырағылығы байқалып, арқан тартыста ұйымшылдықтың куәсіне айналған отбасылар ерекше көрініс тапты. Бағын сынаған әр отбасы жүлделі орындарға ие болып, сый-сыяпатқа бөленді. Осындай тартысты толағайды ұйымдастырған балабақша тәрбиешісі Айжан Нағашыбаева өз ісінің бір белесіне көтерілді. Бүлдіршіндер шат-шадыман күйге бөленіп, ата-аналар шынайы ықыластарын білдірді. 

Г.Табынбай
19 мамыр 2025 ж. 345 0