Майдангерге құрмет

Қан майданның дәмін татып, осы бейбітшілікті ұрпақтарым көрсін деп, жанқияр ерлігімен, өнегелі өмірімен көпке үлгі. Сала ардагері ақсақалдың ақ батасын алып, сұрапыл соғыстың қиыншылықтарын әңгімеледі. Майдан даласына шолу жасағандай әсер алған Айдос Ақанұлы қарияға жүрекжарды тілегін білдірді.
– Сізді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын. Жауынгерлік ерлігіңіз, елге деген сүйіспеншілігіңіз біз үшін – өшпес өнеге. Сіз – ерліктің символы, елдің тірегі, ұрпақтың мақтанысыз. Бүгінгі ашық аспан, тыныш өмір – Сіздер салып кеткен сара жолдың жемісі. Сол үшін мың алғыс, – деді сала ардагері.
Ықыластана тілегін тыңдаған ғасыр адамы парасатты пайымымен өсиет айтты.
– Отан – қасиетті ұғым. Оны қорғау әр адамның парызы. Туған жердің әр түйір топырағы үшін жан қию – ардың ісі. Қан кешкен жолымды ешкімге бермесін. Бірақ бейбіт өмірдің бағасын біліңдер, қарақтарым, – деді көненің көзі Яхия Тасыров.
Гүлсезім ТАБЫНБАЙ