Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр елінде бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Сыр елінде бәйгеден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті

Қызылорда қалалық ипподромында Бәйгеден Қазақсан Республикасының ІІ іріктеу кезеңінің чемпионаты өтті. Облысымызда үшінші мәрте ұйымдастырылған жүйріктер арасындағы тартысты бәсекеге барлық облыс және 3 қаладан 100-ге жуық сәйгүлік қатысты.

Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы Бахтияр Артаев, «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев қатысып, шабандоздарға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.

- Бүгін Сыр елінде халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорты бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан ұлттық спорт жарыстары – ұлт руханиятын нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық. Жүйріктер арасындағы дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық сәйгүлік қатысуда. Шабандоздарымыз «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге», «Ұшқыр бәйге» бойынша сынға түспек. Олай болса, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін!, - деді Шахмардан Асқарұлы.

Шара барысында ҚР «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев құттықтау сөз сөйлеп, кіл мықтылар жиналған жүйріктер жарысы жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ақсақал атамыз шабандоздарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.

Сонымен ең алғашқы 8 шақырымдық Құнан бәйгенің жүлдегері мен жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:
V орын - Амангелді Нұрислам (Шымкент қаласы)
IV орын - Аңсар Арыстанбек (Алматы облысы)
III орын - Әділжан Асқарұлы (Алматы облысы)
II орын - Мерей Гарипуллин ( Алматы облысы)
I орын - Әміртай Аян (Жамбыл облысы)


Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

20 сәуір 2025 ж. 43 0