Облыста алимент төлемдері бойынша 12 мыңнан аса іс қаралуда

– Қазіргі таңда Қызылорда облысының әділет департаментінде 10 мемлекеттік сот орындаушы мен 72 жеке сот орындаушы қызмет атқарады. Есепті кезеңде 10 жеке сот орындаушының қызметіне жоспарлы бақылау жүргізілген. Сондай-ақ, атқарушылық әрекеттерді орындау кезінде жасаған заңдылықты бұзу фактілері негізінде 21 жоспардан тыс бақылау жүргізіліп, 7 ЖСО тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Ал, жалпы сот орындаушыларының өндірісіндегі атқарушылық құжаттар бойынша барлығы 98 тұлғаға айыппұл салынды. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, «Оңайлатылған іс жүргізуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы қабылданды. Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде атқарушылық құжат бойынша берешекті төлеу және сот орындаушысының қызметіне ақы төлемеу жүзеге асырылады. Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаған жағдайда айыппұлдың 25 пайызын жеке сот орындаушыға төлеуге міндетті болса, енді бұл қызметті робот атқарады,- деді Ирина Жұмабайқызы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото:Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі