Әділет департаменті арқылы мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

– Бүгінде қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – алимент өндіру болып табылады. Дәл қазіргі уақытта сот орындаушыларының орындау өндірісінде 12 мыңға жуық алимент өндіру бойынша құжат орындалуда. Оның ішінде 6 мыңға жуығы мерзімді орындауда жатыр. Барлық алимент төлемдері бойынша берешекті өндіріп алу борышкердің жалақысынан және басқа да табыс көздерінен жүргізіледі. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс істемеген немесе оның жалақысын және өзге де кірісін растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда борышкердің алимент бойынша берешек қарызы еліміздегі орташа айлық жалақы мөлшерінде айқындалады. Егер азамат алимент төлеуден жалтарған жағдайда әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Биыл жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп берешегі бар азаматтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Нәтижесінде 72 алимент төлеуші тұрақты жұмыспен қамтылды. Бұдан бөлек, осы жылдың 9 айында сот орындаушылардың өндірісінде барлығы 402 458 атқару құжаты орындауда болған. Қазіргі таңда ондағы өндірісте 191 677 атқару құжаты бар. Оның ішінде мемлекеттік сот орындаушыларының орындау өндірісінде - 499 құжат, жеке сот орындаушыларының орындау өндірісінде -191 153 құжат, - деді Баукен Серікұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі