Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі

№137 мектепде жоғары сынып оқушы қыздар арасында "ЕркеZHAN" қыздар клубының жетекшісі Жансая Байтәжиева мен ЖДО орталығының психологы Назира Тажибаева ұйымдастыруымен "Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі" тақырыбында кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты: қыз балаларға адамгершілік, адалдық, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани-адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік танытпауға тәрбиелеу.

Кездесу соңында ЖДО психологы қыздар арасында психологиялық тренинг өтті. Мақсаты: қыз балалардың бойына қыз бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру. Оқушыларды бір-бірімен, айналадағы ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу біліктілігін дамытуға, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

25 наурыз 2025 ж. 447 0