Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті айдағы сауапты іс

Қасиетті айдағы сауапты іс

«Екі көз тозақ отына күймейді: бірі – Алладан оңашада қалып біліп-білмей істеген күнәларының кешірілуін тілеп жылаған көз, екіншісі – Отанды күзеткен көз» деген хадис бар.

Жақында құқық қорғау саласында қызмет етіп, бұл күнде мәңгілік мекеніне аттанған азаматтардың рухына арнап әріптестері ас берді.

Кең көлемде ұйымдастырылған мәні мен маңызы зор, кейінгі буынға үлгі боларлық жиынға ар­­дақты ардагерлер, құрметті қонақ­­тар, сала ардагерлері мен дүние­ден озған құқық қорғау саласы қызмет­керлерінің ұрпақтары қатысты.

Ас дастарқанын аудандық арда­герлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев ашып берді. Ұйымдас­тырушылар тарапынан ІІБ-нің ардагерлер кеңесі төрағасы Маратбек Еспенбетов сөз алып, басқосудың маңызы мен мәнін айтып өтті. Одан кейін аудан әкімінің орынбасары Талғат Нұртазаев, ақ жаулықты аналар Ұлмекен Жан­әлиева, Патыма Сәденова, Гүлнәр Сыздықова ақ тілегін арнап, естеліктерден сыр шертті. Депутат, ІІМ ардагері Әмірбек Шаймаған­бетов әріптестері туралы асқан тебіреніспен сөз қоз­ғады.

Сондай-ақ аудандық мешіттің бас имамы Нұрсұлтан Серікұлы сөз алып, жиналған қауымға оразаның қадір-қасиеті туралы, ауыз бекіту мен ауыз ашудың тәртіптері туралы насихат етті.

Жиын соңында құқық қорғау саласында қызмет етіп, дүниеден озған азаматтардың рухына құран бағышталды. Келген қонақтар ұйым­дас­­тырушыларға алғыс біл­діріп, оң бастаманың жалғасын табуына тілек­­тестік білдірді.

– Қарап отырсақ, біздің ауданнан 1966 жылдан бері барлығы 91 ішкі істер саласының ардагері қайтыс болған екен. Жігіттермен ойласып, ақылдаса келіп, ел үшін етігімен су кешіп, халық игілігі үшін жан аямай еңбек еткен әріптестерді еске алып, рухтарына құран бағыштауды құп көрдік. Ол ойымыз қасиетті Рамазан айымен тұспа-тұс келіп, сауабы еселене түсуде. Ас беріп, ардақты азаматтардың ұрпақтарын шақырдық. «Ұрпағыңмен мың жаса» деген осы. Ойға алған істі атқарып, көңіліміз жай тауып отыр. «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген. Әріптестеріміздің рухы көкте шалқысын. Артындағы ұрпақтары аман болсын, – дейді игі іске ұйытқы болған Ішкі істер саласының ардагері, кәсіпкер Ғани Тамабайұлы.

Айта кетейік, іс-шарада арнайы экраннан дүниеден озған азаматтар туралы бейнебаян қосылып, жиын соңында Құран қатым етілді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
23 наурыз 2025 ж. 482 1

Kelli от 31 мамыр 2025 11:01
Awesome material Thanks a lot! meilleur casino en ligne Incredible plenty of superb tips! casino en ligne francais With thanks, A good amount of posts. casino en ligne Many thanks. I enjoy this. casino en ligne Excellent advice, Regards! casino en ligne You revealed this exceptionally well. casino en ligne Kudos. Numerous material! casino en ligne Thanks! A good amount of content! casino en ligne Really lots of helpful information! casino en ligne francais Incredible lots of wonderful material! casino en ligne France