Адам папилломасы вирусы неге қауіпті?
Біз адам папилломасы вирусы (АПВ) туралы жарияланымдар сериясын бастаймыз, бұл вирус не үшін қауіпті, ол қандай онкологиялық ауруларды тудыруы мүмкін және АПВ-дан уақтылы вакцинациялау жүргізу қаншалықты маңызды. Сонымен, бірінші пост вирус, таралу жолдары және АПВ-ны жұқтыру қаупі туралы ақпаратқа арналған.
Адам папилломасы вирусы – бүкіл әлемде өте кең таралған, шырышты қабаттар мен теріге әсер ететін вирустар тобының жалпы атауы. Вирустың 200-ге жуық типі белгілі, олардың кем дегенде 13-і обырдың дамуына әкеледі.
АПВ негізінен жыныстық қатынас арқылы беріледі және АПВ-ны жұқтырудың басым көпшілігі жыныстық қатынас басталғаннан кейін көп ұзамай пайда болады.
Адамдардың басым көпшілігінде олар алаңдаушылық туғызбайды, кейбір вирус типтері тым жиі кездеседі және аногениталдық сүйелдердің пайда болуына әкелуі мүмкін. Вирусты тасымалдаушылардың 90%-ының организмі бұл инфекциямен дербес күреседі.
Жиі жағдайда инфекция симптомсыз өтеді, сондықтан адамда АПВ-ның бар-жоғын тек арнайы зертханалық талдаудан кейін ғана білуге болады. АПВ инфекцияларының көпшілігінде сыртқы белгілер жоқ.
Тез таралуға қабілетті болғандықтан вирус қауіпті, жасушалардың обырға айналуы үшін қоздырғыш болып табылады, соның салдарынан қатерлі ісік дамиды.
АПВ инфекциясы әлемдегі барлық онкологиялық аурулардың шамамен 5%-ын тудырады, болжамды деректерге сәйкес АПВ-ға байланысты обыр жыл сайын 625 600 әйел мен 69 400 ер адамда анықталады.
Жоғары қауіпті 16, 18 АПВ типтері негізінен жатыр мойны обырын тудырады.
АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обырының дамуына жол бермейді.
Сырдария аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Фото: ашық дереккөзден