Қауіпсіздік – басты назарда
Қай кезде болсын қоғамда адам қауіпсіздігі алдыңғы қатарда. Осы ретте алдағы мерекелік күндері қауіпсіздік пен тыныштықты қамтамасыз ету мақсатында сала мамандары күшейтілген түрде жұмыс істейтін болады. Нақтырақ айтсақ, 18-20 наурыз аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.– Бүгін республика көлемінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Бұл ретте арнайы жұмыс және күштер мен құралдарды орналастыру жоспары жасалғанын айтып өту орынды. Бөліністер үшін нақты міндеттер анықталып, сала мамандары қауырт жұмысқа кірісіп кетті. Адам мен қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жеке құрамның көп бөлігі жұмылдырылып отыр. Мереке күндері сала мамандары жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жедел талдау жұмыстарын күшейтілген түрде атқаратын болады, – дейді Сырдария АПб ЖПҚб ППт қызмет аға инспекторы полиция капитаны Бауыржан Айтбаев.
Айта кетейік, республикалық профилактикалық іс-шара барысында бейнебақылаулар жүйесі күшейтіліп, жол жүрісі, тыйым салынған заттарды тасымалдауды анықтау жұмыстары жүргізілетін болады.
«Тт» ақпарат
Фото: Н.Нұржаубай











