Биыл елімізде 200-ден астам мектеп салынады

Мемлекет басшысының айтуынша, аталған өңір барлық мектеп құрылысын алғашқы болып аяқтап, 12 мыңнан астам оқушыға арналған жаңа білім ошақтарын ашты. Алайда, басқа облыстарда құрылыс жұмыстарының баяу жүруіне көңілі толмаған Президент Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына бұл жұмысты жеделдетуді тапсырды.
«Басқа облыстарда құрылыс барысы мәз емес. Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры бұл жұмысты қолға алуы керек. Мен таяу арада тексеремін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынатынын мәлімдеді.
«Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс», деді Мемлекет басшысы.
Фото: sknews.kz