Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді

Президенттің айтуынша, Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, енді бұл мейрам 14 наурыз – Амал күнінен басталып, он күнге жалғасады және әр күнге ерекше атау берілмек. Халық бұл бастаманы оң қабылдаған.
«Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс» деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық екенін айтып, оны жан-жақты дәріптеуді тапсырды.
Фото: Ашық дереккөзден