Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Сенат Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды

Сенат Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды

Арқа төрінен ақжолтай хабар келіп жетті. Анығын айтқанда, белгілі кәсіпкер, Сырдария аудандық мәслихатының депутаты, «Мағжан және К» ЖШС төрағасы Ералиев Дархан Жұмашұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Сенат Төрағасының Алғыс хатында: «Белсенді депутаттық және қоғамдық қызметі, сондай-ақ өңірдің саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Ералиев Дархан Жұмашұлына алғыс білдіремін» делінген.

Бұл марапат аудандық мәслихат аппараты мен мәслихат депутаттарының ортақ марапаты. Сонымен қатар, бірлігі бекем, тірлігі көркем ауданымыздың мерейі. Халық алғысын арқалап, жұртшылық игілігі үшін игі істердің басы-қасынан табылып жүрген ардақты азаматқа лайық құрмет деп білеміз.

Өткен жылы «Мағжан және К» ЖШС 15 жылдық мерейтойын атап өтті. Серіктестік Сыр саласын өсіруде озық тәжірибелерге сүйеніп, мол өнім жинады. Алдағы уақытта 400-ге жуық қызметкерді жұмыспен қамтып отқан серіктестік басшысының жұмысына сәттілік тілейміз.
06 қаңтар 2021 ж. 681 0