Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№14 газет

22 ақпан 2025 ж.

№13 газет

18 ақпан 2025 ж.

№12 газет

15 ақпан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
» » Балабақшада жаңа жоба серпін алды

Балабақшада жаңа жоба серпін алды

Балабақша – бақыт мекені. Мектепке дейінгі білім беретін мекемеден кішкентай бүлдіршіндер айналасын танып-біліп, өмірге бейімделе түседі. Барлық білімнің бастауы болған балабақшадан үйренген сапалы білім мен үздіксіз тәрбие әрбір баланы ерте жетілдіреді, ой-өрісін дамытады.

Бүгінде аудан орталығы мен ауыл­дарда мектепке дейінгі бе­рілетін біліммен қамтамасыз етуде үлгілі ұжымдар баршылық. Қазіргі таңда балабақша тәрбиешілерінің бір-бірімен тәжірибе алмасып, семинар, ашық оқу іс-әрекеті, дөңгелек үстел ұйымдастыруы жақсы жолға қойылған. Мұндай іс-шара педагогтерге көптеген мүмкіндік беруде. Осы орайда «Баршаға қол жетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасы аясында Асқар Тоқмағамбетов ауылындағы «Балауса» бөбекжай балабақшасында «Орта үшінші педагог» жобасының ашылу салтанаты өтті.

Тағылымы мол жобаны аудандық білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып ашып, алдағы уақытта жоба барысында жүргізілетін жұмысқа сәттілік тіледі. Сондай-ақ ауқымды іс-шараға ауданға қарасты мемлекеттік және жеке балабақшадан, мектеп жанындағы шағын орталықтан әдіскерлер мен меңгерушілер, тәрбиешілер қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – заттық дамытушы орта арқылы баланың жас ерекшелігі мен қажеттілігін ескере отырып, дағдыларды қалыптастыру, жалпы адами және ұлттық құндылықтарды дамыту.

– Балабақша бүлдіршіндерінің болашағын қалыптастыру үшін де біздің мамандар үнемі ізденіс үстінде жүреді. Тәжірибе алмасу мақсатында аудандағы өзге де балабақша тәрбиешілерімен түрлі тақырыпта дөңгелек үстел мен семинар жиі өткізіліп тұрады. «Орта үшінші педагог» жобасы ұзақ мерзімді 2024-2026 жылдарға мектеп жасына дейінгі балаларға, яғни балабақша тәрбиеленушілеріне арналған. Жоба жұмысы орталықтар арқылы мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытады және тілдік мәдениетті қалыптастырады. Яғни өз ойын ашық жеткізе білу қабілетін арттыруға, баланың ақыл-ойын, логикалық ойлау шеберлігін, зияткерлігін да­мытуға бағытталған. Сонымен қатар дамытушы орта материалдары арқылы балаларға бағыт-бағдар беру. Бұл жобаның жаңашылдығы баланың қызығушылығын артыратын әдемі безендірілген топтар, дәліздегі сенсорлық қабілеттерін дамытатын қабырғадағы, едендегі ойын­дар – бұл ойын орталықтарының барлығы жансыз педагогтың рөлін атқарып тұратындығы, – дейді «Балауса» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Роза Сұлтанова.

Аталған жоба барысында балалардың ойнауына ыңғайлы, қауіпсіз, сапалы материалдардан жасалған, сенсорлық қабілеттерін дамытатын қабырғалық ойындар орталығы, «Су асты әлемі», «Жыл мезгілдері», «Жас суретшілер» орталығы жоғары деңгейде жасақталған. Мұнан бөлек, «Жасыл балабақша» орталығындағы жұмыс барысында балалар бақшаны күтіп баптау жұмыстарын үйренсе, «Көз-қол» жүйесі бойынша тактильді сезімталдықты, яғни ұстап сезінуді да­мытса, көп­функционалды «Сөй­лейтін қабырға» ұлттық құн­дылықтарға бағытталып жа­салған ойын түрін қамтиды.

Балабақша бүлдіршіндерінің бо­лашағын қалыптастыру үшінде үнемі ізденіс үстінде болуы тиіс деген ұстанымды ұстанатын «Балау­са» бөбекжай балабақшасының ма­мандары жоба барысында түрлі та­қырыпта танымдық сабақ өтті. Атап айтар болсақ, балабақшаның әдіскері Ж.Мусаева қатысушыларға «Орта үшінші педагог» та­қырыбындағы презентазиясымен таныстырды. Ал «Құлыншақ» ересек топ тәрбиешісі С.Дүйсенбаеваның ұйымдастыруымен «Асық – алтын қазынам», «Ботақан» ортаңғы топ тәрбиешісі балаларымен «Ойын ойнайық, балақай» тақырыбында ашық оқу іс әрекетін өткізді. Одан әрі музыка жетекшісі Ж.Сансызбаевтың ұйым­дастыруымен қа­­тысушыларға балалар оркестірімен жеке дауыста әннен шашу шашып, өз өнерлерін көрсетті.

Жоғары деңгейдегі өткен жоба соңында балабақша меңгерушісі Роза Сұлтанова қатысушыларға алғысын айта отырып, бұл жұмыстың барлығы педагог пен кіші қызметкерлердің күндіз-түні тынбай еңбектенуінің нәтижесі екенін жеткізді. Ауыл азаматтары «Мырзабек», «Икрамбек», «Қонысбек» жеке шаруа қо­жалықтарының де­меушілігінің ар­қасында жоғарғы нәтижеге қол жеткендігі туралы айтып өтті.
«Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы» демекші, ел ертеңі жас бүлдіршіндерді тәрбиелеп, жаңа­шылдыққа бейімдеу әрбір тәрбие­шінің жауапкершілігі. Сол жауап­кершілікті «Балауса» бөбекжай ба­ла­­бақшасының ұжымы абыроймен атқарып келеді.

Таңшолпан ШАНЖАРХАНОВА
22 ақпан 2025 ж. 64 0