Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс прокуроры Р.К.Ожаров Арал ауданының тұрғындарымен кездесті

Облыс прокуроры Р.К.Ожаров Арал ауданының тұрғындарымен кездесті

Қызылорда облысының прокуроры Р.К.Ожаров ағымдағы жылдың 5 ақпан күні Арал ауданының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдау өткізді. Бұл шара облыс әкімі және облыстық деңгейдегі құқық қорғау, уәкілетті және және жергілікті атқарушы орган басшыларымен бірлескен тәртіпте өткізілді.

Қабылдауына келген тұрғындардың әрқайсысының толғандырған мәселелері тыңдалып, заң шеңберінде жауаптар берілді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындарының сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарына, еңбек заңнамасы және атқарушылық өндірістің заңдылығына қатысты сұрақтар, ұсыныстар мен пікірлер көтерілді.

Әр сауал назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін сала басшылары мен аудан прокуратурасының қызметкрелеріне тиісті тапсырмалар берілді. Жеке қабылдау және кездесу нәтижсімен тұрғындар Ризабек Кәрімұлына алғыстарын білдіріп, прокуратура органдарының қызметін оң бағалап, сәттілік тіледі.
09 ақпан 2025 ж. 90 0