Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылорда облысының Бас полицейі Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарын қабылдады

Қызылорда облысының Бас полицейі Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарын қабылдады

Қызылорда облысының Бас полицейі Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарын қабылдады.

Облыс әкімі аудандарды аралап, құқық қорғау органдары басшыларымен бірлесе жеке қабылдау жүргізілуде. Кезекті жеке қабылдау Шиелі және Жаңақорған аудандарында өтті.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Серік Ергешов жергілікті тұрғындарды қабылдады.

Департамент бастығының қабылдауына келген тұрғындардың әрқайсысының толғандырған мәселелері тыңдалып, заң шеңберінде жауап берілді. Әр сауал назарға алынып, тиісті жұмыс жүргізу үшін сала басшыларына тез арада шешім қабылдап, арызданушыларға заңмен көрсетілген мерзімде жауап беру үшін нақты тапсырмалар берді.

Кейбір азаматтардың мәселелері сол мезетте шешіліп жатса, тағы бірі арыз жазып, өтінім хат қалдырды. Шешімі уақытты қажет ететіндерін бақылауға алып, ал орындалуы заңға қайшы талап иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қабылдау барысында ауыл тұрғындарының өздерін мазалаған мәселелері бойынша сауалдары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатындағы ұсыныстары да ескерілді.

Департамент бастығы көтерілген мәселелер заң тәртібімен және кезең - кезеңімен шешілетініне ден қойып, полиция құзыретіне қатысы жоқ сұрақтармен келген тұрғындарға заңгерлік кеңес берді.



04 ақпан 2025 ж. 238 0