Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мұндағы басты мақсат – партиялық бақылау жасау арқылы аудан орталығындағы адамдар көп жиналатын, қоғамдық тамақтану орындарында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын қадағалау, жай-күйін тексеру.
Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптары жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, көрнекі орындарға үнпарақтарды ілді.