Өрт қауіпсіздігі талаптары түсіндірілді

Аудан әкімімен бекітілген «Сырдария ауданы бойынша барлық әлеуметтік және сауда нысандарының, көпқабатты тұрғын үйлердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін қарау бойынша құрылған комиссиямен атқарылатын іс-шаралар» жоспарына сәйкес, комиссия құрамы Тереңөзек кентінде орналасқан білім беру және мәдени нысандарында өрт қауіпсіздігін сақтау және барлық қызметкерлердің төтенше жағдайлар орын алған уақытта алғашқы ден қою әрекеттері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Комиссия мүшелері адам көп жиналатын нысандардың иелері немесе жалға алушыларына тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты екені ескертті. Әлеуметтік, кәсіптік нысан басшыларына халыққа қызмет етушілердің өрт оқиғасы орын алған сәттегі алғашқы әрекеттерін жетік білуі және қосымша сабақтар өткізу қажеттігі түсіндірілді.