Қоғамдық тамақтану орындарындағы өрт қауіпсіздігі
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау мен қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және берілген рұқсаттар бойынша рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексерулерді, азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу үшін қолданылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №758 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №31 бірлескен бұйрығына сәйкес тек құрылыстың жалпы ауданы 1 000 шаршы метр және одан жоғары қоғамдық тамақтану ұйымдарының объектілеріне өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау жұмыстары жүргізіледі. Яғни құрылыстың жалпы ауданы 1 000 шаршы метрге жетпейтін шағын дәмханалар мен тамақтану орындары өрт қауіпсіздігі саласы бойынша мүлдем тексерілмейді. Ал өрт қауіпсіздігі талаптарына салғырттық таныту тұрғындардың өмірі мен денсаулығына үлкен зиян алып келуі әбден мүмкін. Осыған байланысты тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қоғамдық тамақтану орындарында жүйелі түрде өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді:
1. Ғимараттағы тоқ сымдары мен желілеріне, электр бұйымдарына үнемі қарау жұмыстарын жүргізіңіз;
2. Қолдан жасалған электр құрылғыларын қолданудан аулақ болыңыз;
3. Электр желілері мен құрылғыларындағы ақауларды өз бетіңізше емес, арнайы мамандардың көмегі арқылы қалпына келтіргеніңіз абзал;
4. Эвакуациялық жолдар мен есіктердің жарамдылығын, олардың кедергісіз ашылуы мен пайдалануына мән беріңіз;
5. Ғимараттағы өрт дабыл қондырғылары мен бастапқы өрт сөндіру құралдарының жұмысқа жарамдылығын бақылауда ұстаңыз;
6. Ғимарат ішінде немесе белгіленбеген орындарда темекі шекпеңіз;
7. Өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына үнемі назар аударыңыз;
8. Өртті байқаған кезде дереу «101» немесе «112» телефон номерлеріне қоңырау шалыңыз.
Өрт қауіпсіздігі шараларына салғырттық танытпаңыз, себебі бұл Сіздің өміріңіз үшін қауіпті!

Сырдария ауданы ТЖБ