Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігі – адам өмірінің кепілі

Жол қауіпсіздігі – адам өмірінің кепілі

Оқушылар үйінде, үйірме қатысушыларымен жол қауіпсіздігі туралы тәрбие сағаты өтті.

Жол қауіпсіздігі — қоғамның тыныштығы мен адамдардың амандығын қамтамасыз ететін маңызды мәселенің бірі. Күнделікті өмірде көліктің көбейіп, жолдағы қозғалыстың қарқынды болуы жол апатының жиі орын алуына әкеліп отыр. Ал жол апатының көпшілігі жол ережесінің бұзылуы салдарынан болады. Осы орайда, жол ережесін сақтау әрбір жүргізушінің және жаяу жүргіншінің басты міндеті. Осыған байланысты "Сөзмерген" үйірме оқушыларымен "Жол ережесін сақтайық!" тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Оқушыларға жол ережесін түсіндіру, көлік жүргізушісі мен жаяу жүргіншінің жауапкершілігін түсіндіріп, қауіпсіздікке қатысты дұрыс дағдыларды қалыптастырды.

Жол ережесін сақтау — тек заңды міндетіміз ғана емес, әрбір адамның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды қадам. Жолдағы қауіпсіздік бәріміздің қолымызда, сондықтан әрбір жүргізуші мен жаяу жүргінші өз әрекетінде мұқият болуға тиіс.

Қауіпсіз жол — бейбіт қоғамның кепілі, ал жол ережесін сақтау — біздің жауапкершілігіміз!

Жолда әрқашан абай болайық! Жол ережесін сақтайық, өзімізді де, өзгені де қорғап, жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етейік!
31 қаңтар 2025 ж. 36 0