Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Заң мен тәртіп – қоғам темірқазығы

Заң мен тәртіп – қоғам темірқазығы

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру міндетін қойды. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша «Әкімдер мектебі» ауқымды білім беру жобасын іске қосу тапсырылды. Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шаралары ретінде мемлекеттік аппараттың азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауына назар аударылды. Бұл ретте, тек тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу маңызды.

Кеңейтілген отырыс барысында қоғаммен тиімді қарым-қатынастың маңыздылығы бөлек атап өтілді. Егер сауатты коммуникация жүргізілсе және түсініктемелер беріліп отырған болса, көптеген мәселелер жедел шешіледі. Президент Үкіметке мемлекет пен қоғамның өзара коммуникациясын жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды. Соның ішінде Президент мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықпен жиі кездесулер өткізуді тапсырды.

«Заң және тәртіп» қағидатын сақтау бүкіл әлемде айтылып келеді. Бұл қағида қоғамдық санаға терең енуі керек. Бұған қол жеткізу үшін құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету және іс жүзінде іске асыру маңызды. Бірақ бұл қағиданы іске асыру мемлекет тарапынан да, қоғам белсенділері тарапынан да, әсіресе айыппұлдар бөлігінде де ақылға қонымды болуға тиіс.

Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
«Amanat» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы 
Фото: Ақорда
28 қаңтар 2025 ж. 294 0