Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзіңіздің көңіл-күйіңізді қалай көтеруге болады

Өзіңіздің көңіл-күйіңізді қалай көтеруге болады


Бастығыңыз Cізді әріптесіңіздің қателігі үшін сыйақыдан айырды және ешкім де бұл жағдайға бас қатырғысы келмеді, жұмыстың көптігінен сіз сессияңызды уақытында жаба алмадыңыз, үйде күйеуіңізбен кикілжіңдер болды, ең әдемі туфлиіңіздің өзекшесі сынып қалды... Осылай бәрі бір-біріне қабаттасып кететін кездер болады. Және де бұл қара сызықтың шеті болмай, сіз бір жолы болмайтын адамдай өзіңізді сезінесіз. Ештеңеге қарамай, өмірді сүйіп өмір сүру үшін, өз көңліңізді көтеру үшін не істеу қажет?
Өзге әлемге еніңіз. Қызықты кітап оқыңыз, елітер фильм көріңіз, танымал сериалдағы басты кейіпкермен бірге оқиғаны бастан өткеріңіз және компьютерлік ойындар арқылы қыдырыңыз, серуендеңіз. Заманауи технологиялар Сізді бас қатыратын бастығыңыз, не университетіңіз жоқ жерге оп-оңай апара алады.

Бірнеше жыл бұрын сөйлесуді тоқтатқан ескі танысыңызбен сөйлесіңіз. Болмаса жаңа дос табыңыз. Бастысы, ол кісімен сөйлесу сізге ләззат әкелуі тиіс. Ескі байланыстарды қайта қозғай отырып, болмаса жаңа танысқан адамыңызға бірден шағымыңызды айта алмайтыныңыз анық. Сондай-ақ сіз тек өзіңіз туралы айта алмайсыз, сізді телефон тұтқасының ар жағындағы, болмаса монитордың ар жағындағы адамның өмірі де қызықтырады.

Өзіңізге көңіл аударатын кез жетті.  Өзіңізге макияж жасаңыз, шашыңызды сәндеңіз, әдемі көйлегіңізді киіңіз, бейтаныс адамдардың жүрегін жаулап алуға аттаныңыз. Шынайы жүректен шыққан бірнеше жақсы сөз сіздің көңіліңізді серпілтіп тастайды.
Күнделік жазуды бастаңыз. Бұл сізге жиналып қалған сезімнен арылуға көмектеседі. Сонымен қатар, жазбаға қарай отырып, Сізде талдау жасауға жақсы мүмкіндік туады және сіз сырт көзбен өз өміріңізде нені дұрыс жасап, неден ағаттық жібергеніңізді көре аласыз.

Музыка қосыңыз. Сүйікті тобыңыздың не әншіңіздің таныс емес жазбаларын тыңдаңыз. Болмаса кез келген әнді тыңдай беріңіз. Ваннаға жылы су толтырып, балауыз шамдарды жағып, құлаққапты киіп, сүйікті әуеніңізде қалықтаңыз.

Балалармен қандай да бір уақытыңызды өткізіңіз. Сіздің балаңыз бар болар, болмаса сіңліңіз не ініңіз, тіптен болмай тұрса баласын қуана-қуана қалдырып кететін таныстарыңыз. Таза ауадағы шынайы баланың күлкісі, жымиысы, көңілді ойындар Сізге нағыз бақыттың не екенінен хабардар береді және олардың қасында сіздің проблемаларыңыздың еш ауырлығы жоқ екенін түсінесіз.

Үй шаруасымен айналысыңыз. Сізге үй шаруасымен нақты айналысуға сәт енді туған болар. Әйтеуір бір күні қажет болып қалар деген оймен сөреге тоғытылған ескі-құсқы киімдерден арылыңыз. Сынған веерді, ескі музыка ойнатқышты, бисер моншақ қалдықтары мен мектеп бітіру кезінде киген көйлегіңіздің гүлін лақтырыңыз. Лақтырғыңыз келмесе – біреуге бере салыңыз. Алайда бұлар қоқыс, сіз олармен қоштасуға дайын болыңыз!

Және ең бастысы, өзіңізді аяғанды қойыңыз. Әлемде дәл қазіргі сәтте Сізге қарағанда жүз есе қиындық көріп жатқан адамдар бар. Олар соғыс болып жатқан аймақтарда тұрып жатыр, жәй ғана адами бақытты сезіне алмауда. Ал сіз кез келген уақытта дүкенге шығып, автоматпен біреу атып тастайды-ау деп қорықпай нан әкеле аласыз. Кейбірінің жақындары обыр ауруынан көз жұмып жатыр, олар сол аштық пен ауру тараған аймақта жүр. Ал сізде бақытты болу үшін бәрі де бар.

Ендеше бақытты болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
Дереккөзі: zhenskoeschastie.com
11 наурыз 2018 ж. 1 434 0