Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Енеңізге деген жақсы қарым-қатынасты орнату үшін алдымен төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:

Енеңізге деген жақсы қарым-қатынасты орнату үшін алдымен төмендегі кеңеске құлақ түріңіздер:



1. Енеңізді күліп қарсы алып, күліп шығарып салыңыз;

2. Сіздің қатыңқы қабағыңызбен ешнәрсе өзгермейді;

3. Енеңізге барынша көңіл бөліңіз, жақсы сөздер айтыңыз;

4. Келіспеген жағдай да, өз пікіріңізді айтыңыз, мүмкін ойланар?

5. Ұнататын тағамын жиі әзірлеп тұрыңыз;

6. Өз анаңыздай көргіңіз келсе, анаңыздай құрметтеп қамқор болыңыз;

7. Әрдайым күлімдеп жүріңіз;

8. Жақсы мақтауларды көбірек айтыңыз, ақыл айтса тыңдаңыз;

9. Ерте тұруға дағдыланыңыз, өйткені күні бойы сергек жүруге ықпал етеді;

10. Енеңізге соңғы рет қандай жақсы сөз айтқаныңызды еске түсіріңіз;

11. Енеңізбен соңғы рет қашан ашық-жарқын әңгіме айқаныңызды еске түсіріңіз;

12. Қонақ күткен кезде де ашық-жарқын көңіл-күймен күтіңіз;

13. Сіз жақсы болсаңыз, енеңіздің де қарым-қатынасы жақсара түседі;

14. Құрбыларыңызға, туыстарыңызға енеңізді жамандамаңыз;

15. Жібімейтін жүрек жоқ, жібітетін жылы жүрек болса болғаны;

16. Бәрі де өз қолдарыңызда.
31 мамыр 2018 ж. 839 0