Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 5 газет

21 қаңтар 2025 ж.

№4 газет

18 қаңтар 2025 ж.

№3 газет

14 қаңтар 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Орманшы әйел

Орманшы әйел

Бұл әңгімені аңшылар айтып жүретін. Оған сену немесе сенбеу өз ісіңіз, ал мен сендім.

Бұл оқиға соғысқа дейін болған. Орманның ортасында ескі орманшының үйі бар болатын, онда бір әйел ғана тұрған. Өрттің кесірінен оның отбасы – жұбайы мен баласы қайтыс болады. Тек тірі қалғаны өзі және тұқымы белгісіз иті еді. Ит ірі денелі, қара түсті, кеудесінде ақ дағы бар. Ит өрт кезінде әрең тірі қалған. Өртеніп жатқан үйдің ішіне лап берген ол баланы алып шығамын дегенде, кеш қалған. Бала түтінге тұншығып өлген. Денесі күйік шалған итке әйел күтім жасап, әрең тірі қалады. Ит қожайыны болып қалған әйелге деген алғысы ретінде оған өмір бойы адалдық танытады, баласы секілді қожайынына махаббатын аямай, оған айырылып қалған отбасын ауыстырады. Әйел басына түскен қайғыдан көп уақыт арыла алмайды. Сондықтан ол ауылдан кетуге шешім шығарады. Ауыл төрағасына өзіне орман ішіндегі ескі орманшының үйін беруін сұрайды. Әйел енді қалған өмірінде сонда тұрып, орманшы жұмысын атқарғысы келді.

Әдепкіде бұл өтінішке төраға қарсы болды. Жал­ғыз басты әйелді қалай­ша қасқыр мен аюы бар орманға жібермек? Бұл «адамшылыққа жатпайды» деп білді. Бірақ әйелдің табандылығы төрағаға ке­лісім беруден басқа амал қалдырмады. Осылайша әйел мен ит екеуі бірге өмір кеше бастайды. Заты әйел орманшының өмірі қалай болып жатқанын көру үшін бастапқыда төраға бұларға жиі қонаққа келді. Дегенмен өз жұмысын жақсы атқарып жатқанына көзі жеткен соң ол келуін де доғарды.

Алғашқы қыс тыныштықта өтті. Ал ерте көктемде орман­шының сенімді серігі болған ит жоғалуды, орманға кетіп қалуды шығаратын болды. Әйел итін уайымдап не ойларын білмей күн ұзақ «баласын» күткендей алаңдап жүрді. Бірақ бір күні ит бір өзі келмеді. Үйден алшақтау жерде орманшы әйелге жас қасқыр қарап тұрды. Әйел сонда барып иттің неліктен үйге кешігіп қайтып жүргенін түсінді.

«Жас отбасы» үйшікке жайғасты. Бәрі жақсы бол­ғанымен жас қасқыр ай­на­ласында адамның бол­ғанын қаламағандай кейіп танытты. Үйшікке жақын­даған әйелді көре сала қасқыр тығылып, ырылдап, бұратылып қалады. Солай күн артынан күн өтеді. Бір күні қараңғы түскенде ит үйдің сыртқы есігін тырмалап, қыңсылайды. Әйел сыртқа шыққанда ит оны үйшіктің жанына апарады. Үйшікте жатқан қасқыр әрең демалып жатыр екен. Әйел үйшікке кіріп, ыстық алақанымен қасқырды сипайды. Ауруы жанына батқан болуы керек, қасқыр қарсы келмей орнында жата береді. Әйел алақанымен қасқырды сипағанда оның сүйіктері зақымдалмағанына көзін жеткізеді. Аузының іші де таза болатын. «Сонда не болды екен» деп мазасызданған әйелге көмек сұрағандай ит те аянышты түрмен қарады.

Әйел үйіне қайтып келіп, қолына сырт киімін алып үйшікке қайта оралды. Үйшіктің іші үшеуіне тығыз болғанымен, жылы, әрі ыңғайлы болды. Ит ауызға жатты, ол өзінің «жары» болған қасқырға қарап, көз ілмеді. Әйел де көпке дейін ұйықтай алмады, тек таңға жақын көзі ілініп кетіпті. Ол біреу бетін жалап жатқанынан оянып кетті. Көзін ашса, алдында қасқырдың сап-сары көзі бұның көзіне қарап тұр екен.

Қасқыр тұм­сығымен ие­сі жамылып жатқан жа­мылғыны жылжытып, домалана түсіп иесін жылытуға, әрі өзі де жылыну үшін жамылғының астына кіріп кетті. Әйел оның тұмсығын түртіп көрді. Ылғалды екен. Тынышталған, бәрі жақсы екеніне көзі жетіп, қайта ұйықтап кетеді.

Көп ұзамай күшіктері туыл­ды. Екі мықты, әп-әдемі еркек күшіктер. Нағыз қасқырлар дерсің, тек бойы мен түсі «әкелеріне» ұқсаған. Кеудесінде әппақ дақтары бар. Бірақ бұл қуанышпен бірге қайғы да келді. Үйін аюдан қорғаймын деп ит өліп қалды. Әйел оны биік боп өскен ақ қайынның түбіне көмді. Кешкісін әйел мен қасқыр ұзақ жылады, бірі «баласынан» айырылғанын, екіншісі «иесінінен» ай­рыл­ғанын жоқтады. Бір қы­зығы, қасқыр әйелді тастап кетпеді. Оның бұлай ер­кін жү­рісіне ауыл­дағыларда үй­ре­нісіп қалды. Тіпті қас­қырды «қалыңдық» деп те атап кетті. Бірақ адам өмірі мәңгі емес. Ауыл төрағасы орманшының үйіне барар жолда оның мінген атының аяғына қасқыр лап береді. Әрең дегенде аттан құлап қалмай еріне нықтап отырған соң төраға «қалыңдықты» тани кетті. Қасқыр қыңсылап орман ортасындағы үйге баратын жолды нұсқағандай болады. Бірдеменің болғанын сезген ол орманшының үйіне бет алады. Үйде денесі суып кеткен әйел жатыр екен. Шақырылған фельд­шер әйелдің жүрегі тоқтап қалғанын айтады.

Ауылдың халқы әйелді жерлеп жатқанда төбеден үш қасқырдың бұларға қарап тұрғанын көреді. Күлгін түстес қасқыр мен оның қара күшіктері. Сол түні ауылдың тұрғындары қасқырдың ұлы­ған дауысынан ұйықтай алмады. Таңда қасқырлар орманға кетіп қалды.

Ауыл қарияларының айтуынша сол қасқыр өле өлгенше жанына бөтен қасқырды жолатпаған екен. Үш жыл өткен соң адамдар қасқырдың өлген денесін өзінің «иесі» итті көмген жерінен тауып алады. Төраға қасқырдың терісіне зақым келтірместен оны сол жерге көмгізеді. Ал күшіктері өсіп, нағыз арланға айналады. Олардың да күшіктері өмірге келеді. Ең қызығы қара түсті күшіктері бар үйірдің қасқырлары ешқашан адамға немесе малға шабуылдамады. Аңшылар да оларға тиіспеді. Олар адал ит пен оның қасқырын ұмытпады.

«Терісі қара болғанымен, жаны әппақ» дейтін олар жайлы.

Осы күні ауылда тағы бір аңыз тарап кеткен еді. Орманда жоғалып кеткендерге жол табуға көмектесетін әйел туралы. Оның жанында үнемі екі ит жүрген. Оның біреуі қасқырға ұқсайтын.

Орыс тілінен аударған
Бибісара ЖАНӘЛІ
Фото: ertegiler.kz
21 қаңтар 2025 ж. 30 0