Ақ Құс пен қара түтін
Бір заманда "Денсаулық Орманы" деп аталатын әсем мекенде адамдар мен жануарлар бейбіт өмір сүріпті. Бұл орманның басты қорғаушысы – Ақ құс екен. Ақ құс орманға жарық, қуаныш, денсаулық сыйлап, барлығына қанатымен мейірім шашып жүреді.
Бірақ орманның терең түкпірінде қара түтін есімді сұм тіршілік иесі өмір сүріпті. Ол қараңғылық пен қайғыны жақсы көреді екен. Қара Түтін адамдарды алдап, оларға уын сіңіріп, өмірлерін қараңғыға айналдыруды ойлайды.
Бір күні қара түтін орманға шығып, балалардың қасына барып:
– Менімен дос болыңдар. Мен сендерге ұмытылмас ләззат сыйлаймын, – дейді. Ол балаларға түрлі-түсті кәмпиттер сияқты көрініп, оларды қызықтырады. Балалар қара түтіннің сөзіне сеніп, оның қақпанына түсіп қалады.
Алайда бірден олар әлсірей бастайды, ойнауға күші жетпей, көңілдері жабырқайды. Ақ құс мұны байқап, дереу көмекке ұшады. Ол балаларға:
– Қара түтін – ең қауіпті жау. Ол сендердің денсаулықтарыңды ұрлап, өмірлеріңді бүлдіргісі келеді. Тек ерік-жігер мен батылдық арқылы оны жеңе аласыңдар, – дейді.
Ақ құс балаларға таза ауамен дем алуды, спортпен шұғылдануды және жақындарымен бірге уақыт өткізуді үйретеді. Балалар Ақ құстың айтқандарын орындап, қара түтінді жеңіп шығады.
Содан бері "Денсаулық Орманы" қайтадан гүлденіп, балалар ешқашан қара түтінге сенбеуге серт береді. Ақ құс олардың денсаулығы мен бақытын мәңгілік қорғайды.
Мораль: Есірткі – денсаулық пен өмірдің басты жауы. Ақыл мен батылдық арқылы әрқашан дұрыс жолды таңда!
Ақгүл МАХМУД,
Қоғалыкөл ауылы,
№44 орта мектебінің 10 "А" сынып оқушысы