Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Орденді қалай алдым

Орденді қалай алдым

1944 жылдың наурыз айы болатын. Украина жеріндегі Осипович деген қаланы алдық. Ол немістердің азық-түлік, қару-жарақ базасы болған жер екен. Іші толған қоймалар. Сол қоймаларды күзетуді біздің бөлімге тапсырды. Кешқұрым сон­дай күзеттен шығып келген кезімде командиріміз келіп, «Анау орманның ішін­де танкілер жүр дейді, екеуің барып ба­қылап келіңдер», – деп бір орыс жігітін қасыма қосты. Орманға бұқпантайлап келіп, ішіне ендік. Бір жол бар екен. Жолдың үстінде бір танкі тұр. Бұққан күйі жақындап келсек, жолдың арғы жақ бетінде бізге қарсы қарап, 50-60-қа жуық неміс сарбазы жатыр. Не істерімізді білмей жата қалдық. Шегінуге жол жоқ, олар көріп тұр, бізді байқаса, атып тастайды. Ойласа келе, не болса да атысайық, оқ дауысын естіп, көмек келер, ал өзімізді көп етіп көрсету үшін мен олардың артқы жағына шығайын, сен осы жерде бол”, – деп оң жаққа жылжып келіп, немістердің үстінен оқ аттым. Сол-ақ екен олардың бәрі қолын көтеріп, түрегелді. Қаруларын тастаған. Жүгіріп келген орыс жігітіне қаруларын жинатып, қалталарын қараттым. Сөйтіп, 60-қа жуық немісті бөлімге айдап әкелдік. Сол үшін Отан соғысының ІІ-ші дәрежелі орденімен марапатталдым.

Яхия Тасыров 
11 ақпан 2020 ж. 631 0