Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тұрақты өсуді қамтамасыз етуге назар аударды

Тұрақты өсуді қамтамасыз етуге назар аударды

Жыл басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бағдарламалық сұхбат беруі жақсы дәстүрге айналды. Биыл «Ана тілі» газетінің сауалдарына ел Президентінің ашық, терең, кең жауап беруі көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жауап болды.

Бұл сұхбат қазақстандықтардың елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нақты нәтиже күтуіне байланысты қоғамның қызы­ғушы­лығын ерекше арттырып отырғаны белгілі.

Өз сұхбатында Мемлекет басшысы экономикалық даму және реформаларды саралап, тұрақты экономикалық өсуді тұрақты қамтамасыз ету және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру – Үкіметтің бас­ты міндеті болып табылатындығына баса назар аударған.

Мемлекет басшысы қаржылық-валю­талық мәселеге тоқтала келіп, экономиканы басқарудың барлық деңгейінде кәсіби, құзыреттілік тәсілін күшейту қажеттігіне де назар аударды.

Инфрақұрылымдық даму бойынша да өңірімізде алға жылжу бар екендігін айт­қанымыз жөн. Республикалық маңызы бар ав­томобиль жолдарын салу және ре­кон­с­трукциялау – бұл көлік инфрақұрылымын дамытуға, логистиканы, өңірлер арасын­дағы байланысты айтарлықтай жақсартуға және экономиканың өсімін ынталандыруға қомақты үлесін қосуда. Біле білген адамға жол – ел экономикасының күре тамыры. Қаншама елді мекендерге қан жүгірді деген сөз. Әрине жолдың дұрыстығы жолау­шылардың да қауіпсіздік деңгейін айтар­лықтай арттыратыны сөзсіз.

Мұндай маңызды жобалар біздің аймақ­та да іске асып, ел игілігін көруде.

Гүлбану СМАЙЛОВА,
№174 орта мектебінің директоры,
аудандық мәслихат депутаты
07 қаңтар 2025 ж. 65 0