Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Сырдарияда мереке күндері 2 ұл, 2 қыз дүниеге келді

Сырдарияда мереке күндері 2 ұл, 2 қыз дүниеге келді

Мереке күндері Сырдария ауданында 4 сәби дүниеге келді. 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күні  аудандық ауруханаға қарасты «Перзентхана» бөлімшесінің дәрігерлері 1 ұл, 1 қыз сәбидің дүние есігін ашуына себепкер болды. Анығын айтқанда,тереңөзектік Мәлика Ордабаева қыз бала дүниеге әкелсе, сәкендік Мөлдір Ермағанбетова ұл бала босанып, көп балалы ана атанды.


Ал аптаның бейсенбісінде  екі сырдариялық жарық дүниеге келді. Асқар Тоқмағамбетов ауылының тұрғыны Гүлназ Сансызбаева қамшы ұстарды дүниеге әкелді. Сонымен бірге тереңөзектік Гүлжеңіс Бекжанованың шаңырағы кесте тігер бөйжеткенмен толықанын сүйіншілеп хабарлаймыз.


Айта кету керек,  мереке күндері босанған 4 ананың 3-і көп балалы ана санатына кіретін болады.   

Балтабай ОРДАБЕКОВ
19 желтоқсан 2020 ж. 2 021 0