Қор кезең-кезеңімен жаңа деңгейге көтерілетін болады

Жиынға үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты.
Қор 2025 жылға алдына негізгі 4 мақсат қойып отыр: 1. тұрғындарды МӘМС жүйесімен толық қамту, 2. Қордың стратегиялық сатып алушы ретіндегі рөлін арттыру, 3. пациенттің құқығын қорғау, 4. Қордың тұрақты қызметін қамтамасыз ету. Бұл халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің қанағаттану деңгейін көтеруге нақты қадам, деп атап өтті спикер.
Жақсылық Әбілқасымұлы Қордың алдағы уақытта өзін қаржы операторы ретінде орнықтыруға баса мән беретіндігін және өзіне тән емес қызметтерден кезең кезеңімен арылатынын баса айтты. Бұл Қор жұмысының тиімділігін арттырып, жалпы МӘМС жүйесінің дамуына оң ықпал жасайтындығына тоқталды.
Сонымен қатар, ӘМСҚ-да медициналық қызметтерге терең талдаулар жасауға, оңтайлы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін ақпараттық талдау орталығының құрылғаны жөнінде мәлімет берілді.
Қорытындылай келе, баяндамашы Қор жұмысының негізгі қағидаларының бірі транспаренттік екенін және осы ашықтық принципіне сәйкес өз жұмысына қатысты мәселелерді талқылауға, насихаттауға барлық ықтияр тараптармен жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.