Өлшеусіз қазына
Менің болашақ мамандығым шығармашылықпен тікелей байланысты. Оның ішінде өнер саласын меңгергім келеді. Өнер – адамның ең терең сезімі мен ойын бейнелей отырып, әлемді түсінудің ерекше тәсілі саналады.
Мен үшін шексіз мүмкіндік пен толастамас жобаның әлемі секілді көрінетін шығармашылық мамандықтың шыңына жету – ерекше арман. Бүгінде білім мен өнер ажырамас ұғымға айналып, келешек ұрпақтың болашағы кемелдене түсті.
Негізінен, өнердің бірнеше түріне қызығатын өз басым алдағы уақытта бейнелеу өнері, музыка, театр және әдебиет бағытында бағымды сынап көргім келетіні рас. Тек мектеп пен университет қабырғасында жүріп, білім жимай, өмір бойы білімнің қайнар бұлағын сарқып ішуге мүдделімін. Себебі, өнердің кез келген жанры үздіксіз ізденісті қажет етеді. Басты мақсатым – ата-ана үмітін ақтай отырып, елімнің мақтанышына айналу.
Бүгінде жастарға қаншама мүмкіндік қарастырылған. Өнер адамы ең алдымен тұлғалық бітім-болмысына аса мән беру керек. Мектеп оқушысы ретінде сан түрлі байқауға қатысып, бақ сынаймын. Шығармашылық деңгейімді жоғарылатып, өзім армандаған мамандық иесі атанғым келеді.
Іңкәр МАХАМБЕТ,
№147 орта мектептің оқушысы,
Бесарық ауылы