Мерекелік іс-шаралар кезінде өрт қауіпсіздігі

Адамдардың көп шоғырланған орындарда, мерекелерді жүргізу және ұйымдастыру кезіндегі іс-шаралар:
1. Мерекелік іс-шаралар өтетін орындарда жауапты қызметкерлерден кезекшілікті бекіту;
2. Жүргізілген электр жүйелерінің талапқа сәйкес болуына аса назар аудару;
3. Іс-шара жүргізілетін бөлме алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.
4. Қосымша қосалқы есіктерінің ашық болуын қамтамасыз ету.
5. Кемiнде екi эвакуациялау жолымен қамтамасыз етiлген және жанғыш қалқалары бар ғимараттарда 2 қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайлар ғана пайдаланылады;
Жол берілмейді:
1. Іс-шара өткiзiлетiн бөлме терезелерiнде торлар болған жағдайда оларды өткiзуге;
2. Жобалық құжаттамада белгiленгеннен артық адамдармен толтыруға;
3. Бөлмені қараңғылау үшiн терезелерге қақпақтар орнатуға;
4. Қосалқы өту жолының енiн қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар, орындықтар қоюға, артық заттармен бөгемеуге.
Өрт шыққанда немесе төтенше жағдай болғанда шұғыл түрде өрт сөндіру бөліміне «101»,«112» немесе 21-2-00 телефонына хабарласып жағдайды, мекен-жайын асықпай толық айтуы тиіс.
Сонымен қатар Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 нөмірлі сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі