Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар

Қызылорда облысының әкімі: Күріш экспортында өсім бар

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады.

Сыр өңірінде егін шаруашылығын дамытуда және әртараптандыруда кешенді іс-шаралар қолға алынған. Кейінгі 3 жылда аграрлық саланы қолдауға мемлекет тарапынан 43 млрд. теңге бөлінді. Соңғы 2 жылда 20 млрд. 300 млн теңгеден астам инвестиция тартылды.

Мемлекеттік қолдаудың арқасында машина-трактор паркі жаңартылуда. Үш жыл ішінде 20,9 млрд. теңгеге 680 техника алынды. Осы жылы 8 млрд. 800 млн. теңгеге 250 ауыл шаруашылығы техникасы әкелініп, машина-трактор паркі 5 пайызға жаңаланды.

Биыл 6,8 млрд. теңгенің 11 инвестициялық жобасы жоспарланып, құны 6 млрд. 400 млн. теңгені құрайтын 9 жоба іске асты. Қалған 2 жоба жыл соңына дейін қолданысқа беріледі. Бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнім көлемінің жыл өткен сайын артуына оң ықпал етті, биыл осы көрсеткіш 229 млрд. теңгеге жетеді.

Сыр диқандары биыл 189 мың 400 гектар жерге егін екті. Негізгі дақыл күріш 85 мың 600 гектарға себіліп, әр гектардан 58 центнерден өнім алынды, жарты миллион тоннаға жуық күріш жиналды (496,4 мың. тонна).

Статистикалық деректерге қарағанда, 2024 жылдың 1 қыркүйегіне облыстан 28,7 млн. доллардың 52,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 142,9 пайызға артық. Өнімдер әлемнің 17 мемлекетіне жіберілген. Былтырғымен салыстырғанда күріш экспорты 166,9 пайызға артты.

Экспортталған өнімнің 92,1 пайызы, яғни 48 725,7 тоннасы – күріш. Сыр маржаны Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Тәжікстан, Украина, Моңғолия, Өзбекстан және Иракқа жөнелтілді.

Еске салсақ, соңғы жылдары Сыр диқандары 55 мың гектар күріш егістігін лазермен тегістеді. Нәтижесінде суды үнемдеп, өнімділікті 30 пайызға арттырды.
20 қараша 2024 ж. 404 0