Биыл ауыл шаруашылығы саласына 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды

– Жыл басынан бері мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласының жалпы өнімі өткен жылмен салыстырғанда 2,6 пайызға артты. Сондай-ақ, саланың негізгі қорына 9,4 млрд.теңге инвестиция салынып, өсім көрсеткіші 36,6 пайызға ұлғайды. Ал тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталы 3,1 есеге артты, - деді басқарма басшысы Талғат Тұрсынұлы.
Биыл аталмыш салада экспорт әлеуеті де артқан. Стастикалық мәліметтерге сүйенсек, осы жылдың 1 қазанына дейін 40,9 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімі әлемнің 21 мемлекетіне экспортталған. Барлық экспортталған өнімнің 84,8 пайызы негізгі дақыл - күріш өніміне тиесілі. Жалпы есепті кезеңде 34 703,9 тонна Сыр салысы шет мемлекеттерге экспортталды.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі