Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Нашақорлықпен қоғам тұтастай, әрбір азамат жекелей күресуі керек»

«Нашақорлықпен қоғам тұтастай, әрбір азамат жекелей күресуі керек»

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында «Нашақорлық, әсіресе, балалар арасында тез таралып, жастарымыз уланып жатыр. Есірткімен күрес белсенді жүргізілмесе, ертең бәрі кеш болуы мүмкін» деген еді. Нашақорлық мәселесі бүгінде бүкіл әлемде орын алған ғаламдық дертке айналып отыр. Онымен қоғам болып күрескен кезде ғана жеңуге болады. Осы орайда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қолдауымен, облыс прокуроры Ризабек Ожаровтың бастамасымен аймақ көлемінде нашақорлыққа қарсы бір айлық акция өткізілуде. Акция аясында Сырдария ауданында да жоспарлы жұмыстар жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Осы бағытта атқарылған жұмыстар туралы аудан прокуроры Асқар Жаметұлымен әңгімелестік.

– Асқар Жаметұлы, осы уа­қыт­қа дейін де аудан көлемінде болсын, облыс көлемінде болсын, жастарды түзу жолға ба­ғыт­­­тау мақсатында, есірт­кінің зиян­­ды­лығын наси­хаттау мақ­са­тында ауқымды іс-шаралар ұйым­дас­тырылып келеді. Қазіргі уа­қытта өткізіліп жатқан бір ай­лық акция туралы айтып өтсеңіз...

– Жақында облыс әкімі Нұрлы­бек Нәлібаевтың қатысуымен «Наша­қор­лыққа жол жоқ» тақырыбында үйлес­тіру кеңесінің кеңейтілген оты­­рысы өтті. Кеңеске қала, аудан әкім­дері, құқық қорғау органдарының, жа­уапты салалардың басшылары қатыс­ты. Аталған жиында облыс әкі­мі осы бағыт бойынша атқарылған жұ­мыс­­тарға тоқталып, алдағы мін­дет­­­терді айқындады. Жиында жат әдет­пен күреске азаматтық қоғам­­ның әрбір мүшесін жұмылдыру ұсы­нылды. Бірлескен іс-шаралар жос­пары таныстырылып, облысымызда наша­­қорлыққа қарсы бір айлық акция өткізу туралы бастама көтерілді. Қатысу­шылар прокуратура бастамасын қол­дап, есірткінің заңсыз айналы­мын түбегейлі жою мақсатында бір­­лесе қызмет атқару туралы ортақ келі­сімге келді. Осы бастама аясында аудан көлемінде атқарылатын жұмыстардың жоспары бекітіліп, сол не­гіз­де ай көлемінде түрлі іс-шаралар өткізу жос­парланды. Бүгінгі таңда бірқатар іс-шара жүзеге асып үлгерсе, жос­парда әлі де ауқымды жобалар бар.

– Есірткі туралы айтып өтіңіз­ші, есірткі қылмысы бойынша аза­маттар қандай жазаға тартылады?

– Есірткі – бүкіл ағзаны құртатын күшті у. Бір рет қолданғаннан-ақ тәуел­ділік пайда болады. Оның зия­ны туралы бәрі біледі. Алайда нашақорлар саны жылдан-жылға артып барады. Ресми мәлімет бойынша елімізде 18 мың адам есепте тұр. Бірақ, нақты көрсеткіш әлдеқайда жоғары. Шамамен 150 мың адам. Яғни шағын бір қаланың тұрғындары деуге болады. Бұны елестетудің өзі қорқынышты.
Ата Заңымыз Конституцияда елі­міздің ең қымбат қазынасы – ол адам, адамның өмірі, оның денсаулығы болып табылады.
Қалай болғанда да, есірткі қыл­мысына қатысы бар адам қылмыстық жазадан қашып құтыла алмайды. Ол тұтынушы болса да, таратушы болса да. Біздің елімізде есірткі қылмысы үшін қатаң жазаланады, тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырыл­уы мүмкін екенін атап өткім келеді. Жасөспірімдер 18 жасқа толғанға дейін балалар колониясында жазасын өтейді, содан кейін оларды рецидивис­тер, кісі өлтірушілер, зорлаушылар «отыратын» ересектердің түрмесіне ауыстырады. Қазір түрмелерде есірт­кі қылмысы үшін жазасын өтеп жат­қандар 4 мыңнан асады, басым бөлігі – жастар.

– Аудан көлемінде есірткі қылмысына қатысты орын алған жағдайлар туралы оқырманға ақпарат беріп өтсеңіз...

– Өткен және ағымдағы жылдары Сырдария ауданында есірткі сау­дасына қатысты қылмыстар орын алмаған. Дегенмен соңғы 10 айдың ішінде қылмыстық құқықбұзу­шы­лық­тар тіркелген. Олардың ішінде Қылмыстық кодексінің 296-бабында көз­делген есірткі затын өткізу мақ­сатынсыз заңсыз иемдену, сақтау, Қылмыстық кодексінің 300-бабында көзделген есірткі затын заңсыз егіп-өсіру жағдайлары кездеседі.

– Қазіргі таңда бір айлық акция көлемінде ауданда атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардармыз. Әлеуметтік желі арқылы да жүйелі жүргізілген жұмыстардың куәсі болудамыз. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы өзіңізден сұрасақ...

– Үйлестіру кеңесінде айтылып, бекітілген жоспар негізінде аудан көлемінде атқарылатын жұмыстардың жоспары әзірленді. Аудан әкімдігі мен тиісті сала мамандарының бірлес­кен жұмысының нәтижесінде жоспар­лы жұмыстар өз деңгейінде ұйымдастырылып келеді.
Атап айтар болсақ, Сырдария аудан­дық сотында ҚК-нің 296-бабына сәйкес, қылмыстық іс бойынша қаралған сот отырысына «Сырдария аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК-нің 3-4 курс студенттері қатысып, нәтижесімен видеоролик әзірленді. Бұл бағытта студенттер қылмыстың өтеуі жаза екенін өз көздерімен көріп, алдағы уақытта бұндай қылмысқа аяқ баспайтындай болса екен деген ниетте жұмыстар атқарылуда. Одан бөлек білім, денсаулық сақтау, спорт саласымен, жастармен бірлесе отырып ауқымды жұмыстар атқарылып, іс-шаралар жоспарға сай жүргізілуде.

– Нашақорлық – қоғам дерті екені анық. Бірақ, бұл туралы айтылып та, жазылып та жүр­генімен, әлі күнге мәселе толық шешім таппай отыр. Бұған не себеп?

– Бұл жерде негізгі мәселе – әр адамның ойында, санасында. Неге десеңіз, өзіңіз айтып отырғандай, қанша жерде айтылып, жазылып, көр­сетіліп жатса да, атүсті қарау бар. Кей адамдар өзінің өмі­рі­не, денсаулығына аманат ретінде мән бермейді. Сондықтан осындай олқылық орын алып отыр. Әсіресе, жастар еліктеушілікке бой алдырып, оқыс оқиғаға себепкер болып жатады. Бұл ретте жас өркеннің санасына есірткінің нағыз у екенін, қылмыс екенін сіңіру керек. Ең бас­тысы, ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құн­дылықтарды басты бағыт етіп алу керек. Содан кейін үлкендер, қоғам, айнала жас өркенге үлгі бола алуы шарт. Адамның бойында ұят, сана ұялаған болса, өз-өзіне бұлай қастық қылмаса керек. Бірақ, түрлі себептермен қоғамда аталған қылмыс түріне қатысты оқиғалар азаймай отыр. Бұл кеселмен құқықтық органдар немесе белгілі бір орталық айналысып қана, жеңу мүмкін емес. Нашақорлықпен қоғам тұтастай, әрбір азамат жекелей күресуі керек.

Сұхбаттасқан
Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: ашық дереккөзден
19 қараша 2024 ж. 90 0