Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » «Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында кездесу өтті

«Нашақорлыққа қарсы бір айлық акция» аясында кездесу өтті

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Нашақорлық – бұл адамзат баласының денсаулығы мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін үлкен қатер. Осы орайда бүгін №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектепте нашақорлыққа қарсы бір айлық акция негізінде «Нашақорлыққа жол жоқ» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Қасымжомарт Алдаберген,Сырдария аудандық полиция бөлімінің кәмелеттік жасқа толмағандар істері жөніндегі инспекторлары Мардан Оспанов мен Ерлан Бекмаганбетов, жастар ресурстық орталығының директорының міндетін атқарушы Мұхамед Сейілханов,Сырдария аудандық білім бөлімінің әдіскері Ерлан Әбілдаев және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Друмова қатысты.

Кездесу барысында оқушыларға нашақорлық туралы түрлі мағлұматтар, кеңестер айтылды.

14 қараша 2024 ж. 330 0