Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерейтой аясында облыстық ақындар айтысы өтті

Мерейтой аясында облыстық ақындар айтысы өтті

Іңкәрдария ауылының 60 жылдық мерейтойына орай облыстық ақындар айтысы ұйымдастырылды. Айтысқа аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов қатысты.

Аудан басшысы құттықтау сөз сөйлеп, ауыл тарихына тоқталып өтті.

– Бүгінде келбеті жаңарған ауылдың тарихы 1964 жылдан басталады. Сол жылдың мамыр айында КССР Министрлер қаулысының негізінде Іңкәрдария совхозы қой шаруашылығын дамыту мақсатында құрылды. Аудан орталығынан 70 шақырымның үстінде, ал мал жайылымдары одан әрі ондаған шақырымға созылады. Бұл жер «Мүлкілән әулие» мазарымен белгілі, оның маңында «Мыңшоқы», «Аңламас», «Ескіабай», «Құланбай» тағы басқа шағын-шағын кеңшарлар болған. Сол елді мекендер біріктіріліп, Іңкәрдария совхозы жасақталған. Іңкәрдарияның іргесін алғашқы совхоз директоры Тұрғанбай Әбдіразақов, прораб Әбдімәжін Өтепов, бас есепші Әбіш Әбдіхалықов, бас инженер әрі партком хатшысы Ақтас Балғазиевтер қалады. Совхозға 1966 жылдары жан-жақтан малшылар келе бастады. Алғашқыда совхозда Елубай Әйтпенов, Балдық Әйтпенов, Тұрсынбай Шаукенбаев, Зерет Шаукенбаевтар мал шаруашылығымен айналысты. Бас зоотехник Жомарт Ақпанбетов, ферма меңгерушісі Мырзағұл Тәжімұратовтар ерен еңбек етті. Алғашқы жылдары 30-35 гектар жерге көкөніс пен бақша егу жұмыстары қолға алынды. Егіс бригадасына Жалғас Күншығаров басшылық жасап, жұмыстарды ұйымдастырды. Қызылқұм қойнауындағы құтты жерден ауыл халқы береке тауып, бақшалық дақылдардан мол өнім ала бастады. Жаңадан құрылған совхозға әрісі Түркіменстаннан, берісі Аралдан, көрші аудан және ауылдардан тұрғындар қоныс аударды. Тұрғындардың әр жерден құралғанына қарамай, елдің береке-бірлігі мен салт-дәстүрін, жарасымды ынтымағын қамтамасыз етуге ауыл ақсақалдары мен ел ағалары ерекше белсенділік танытқан. Соның арқасында Іңкәрдария – аудандағы бірлігі жарасқан, берекелі ел қатарынан орын алды. Елді мекеннен еңбектің көрігін қыздырған еңбек адамдары көп шыққан. Бүгін осынау берекелі, киелі өлкенінің бейнеткеш халқын ақындар жырға қосып, өлеңмен өрнектейді деп сенеміз, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аламан айтысқа 3 дүркін «Алтын домбыра» иегері Мұхтар Ниязов, «Мәдениет саласының үздігі», айтыскер ақын Нұрмат Мансұров бастаған ақындар қатысып, мерейтой мерейін асырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 қараша 2024 ж. 88 0