Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Іңкәрдария ауылының құрылғанына – 60 жыл

Іңкәрдария ауылының құрылғанына – 60 жыл

Іңкәрдария ауылының 60 жылдық мерейтойына орай аудан әкімінің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, құрметті меймандар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Аудан басшысы ауыл халқын мерейтоймен құттықтады.

– Адамзат өркениетіндегі орны бөлек Ұлы Жібек Жолы Еуропа мен Азияны, Батыс пен Шығысты жалғаған алтын көпір саналады. Осы керуен жолының бөлігі Сырдария өзені бойында болғаны тарихтан белгілі. Өзеннің ежелгі оңтүстік арналарының бірі Іңкәрдария екенін ескерсек, бұл жерге де керуеншілердің табаны тиген деуге негіз бар. Себебі, Ұлы жол Сырдария бойын қуалай жүріп, Қызылқұм қойнауынан өтеді. Ал, Қызылқұмның осы бір бөлігі Іңкәрдарияға тиесілі. Міне, сондықтан 60 жылдық тарихы бар елді мекеннің шежіресі тереңде жатқаны анық. Іңкәрдария төңірегінде «Сырлытам», «Заңғар қала» секілді қалашықтар мен қорғаныс бекіністері бар. Елді мекен аумағында «Мүлкілән әулие» кесенесі орналасқан. Сондықтан бұл ауыл қасиетті, құт қонған киелі елді мекен саналады. Бүгінде ынтымағы жарасқан ауылдың дамуы қарқынды. Елді мекенде әлеуметтік нысандар жаңарып, жолдар жөнделген. Тұрғындар сапалы ауыз сумен толық қамтылған. Көшелер толық жарықпен қамтамасыз етілген. Жастардың спортпен шұғылдануына көңіл бөлініп, ойын алаңдарының саны артуда. Кәсіпкерлікпен айналысушылар саны ұлғайып, ауылдың әлеуеті жақсарған. Елді мекенді абаттандыруға да үлкен мән беріліп келеді. Ауылдағы жанашыр азаматтардың демеушілігімен елді мекеннің 60 жылдық мерейтойы қарсаңында бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жеке кәсіпкер Мейрамбек Уәлиұлының демеушілігімен «Газ құю бекеті», «Балалар спорт алаңы» пайдалануға берілді. Ал Ұлы Отан соғысының ардагері Әбді Омаров ұрпақтарының демеушілігімен «Жастар саябағы» ауыл халқының игілігіне беріліп, бүгін үлкен іс-шара осы жерде өткізілуде. Міне, осындай туған жерге деген жанашырлықтың нәтижесінде Іңкәрдария ауылы өркендеп, көркейіп келеді. Елді мекеннің дамуына атсалысып жүрген азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Ауқымды іс-шарада ауыл дамуына еңбек сіңірген бірқатар іңкәрдариялықтар мерекелік медальмен және «Алғыс хатпен» марапатталды.

Іс-шара концерттік бағдарламаға және спорттық жарыстарға ұласты.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
12 қараша 2024 ж. 88 0