Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеке қабылдау өткізді

Жеке қабылдау өткізді

Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Димаш Байдушев жеке және заңды тұлғалар өкілдеріне арнап қабылдау өткізді.

«AMANAT» партиясының аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде өткізілген қабылдауға келген азаматтар тұрақты жұмысқа орналасу және тұрғын үй алу мәселесі бойынша келді.

Аудан әкімінің орынбасары мәселелерді мұқият тыңдап, заң аясында түсіндірме жасады. Сондай-ақ мәселелерді жеке бақылауына алып, тиісті бөлім басшыларымен зерделеп, қосымша ақпарат ұсынылатынын жеткізді.

Сонымен бірге Сырдария аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алмат Сәдуақасов та партия филиалында қабылдау өткізді. Қабылдау барысында кент тұрғындары тарапынан азық-түлік дүкенін және шағын өндіріс орнын ашу жолдары туралы сауал қойылды. Мұнан бөлек қайтарымсыз гранттың талаптары жөнінде сұралды.

Бөлім басшысы кәсіпкерлікпен айналысуға ынталы азаматтардың өтініші мен ұсынысын тыңдап, мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде ақпарат берді. Сондай-ақ бизнес жоспар әзірлеуге көмек көрсету мүмкіндігі бар екенін айтып, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі тарапынан қолдау көрсетілетінін жеткізді.
10 қараша 2024 ж. 71 0