Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Исламиаданың алауы тұтанады

Исламиаданың алауы тұтанады

Бүгін Сауд Ара­биясының астанасы Эр-Риядта Ислам ынты­мақтастығы ойын­дарының алауы тұтанады. Үш аптаға созылатын бәсекелер барысында 57 мемлекеттен келген 3 мыңнан аса спортшы өнер көрсетеді. Олар спорттың 19 түрінен сайысқа түседі.

Парсы шығанағында еліміздің спортшылары күрес, каратэ, муай-тай, таеквондо, ауыр атлетика, джиу-джитсу, киберспорт, семсерлесу, үстел теннисі, гандбол, жеңіл атлетика, жүзу, пенчак силат сынды спорт түрлерінде бақ сынайды. Олардың қатарында Ризабек Айтмұхан, Нұрқожа Қайпанов, Елмира Сыздықова, Алан Құрманғалиев, Кирилл Герасименко сияқты талай дүбірлі додаларда топ жарған саңлақтар бар.

Естеріңізге сала кетейік, жазғы Ислам ынтымақтастығы ойындары осыған дейін 2005 жылы Меккеде (Сауд Арабиясы), 2013 жылы Палембангте (Индонезия), 2017 жылы Бакуде (Әзербайжан), 2021 жылы Коньяда (Түркия) ұйымдастырылды. Сол жарыс­тардың барлығына да еліміздің өрендері қатысып, жалпы алғанда 134 (42 алтын+36 күміс+56 қола) жүлде жеңіп алды.

egemen.kz
Фото: olympic.kz
07 қараша 2025 ж. 599 0