Отбасы – қоғамның негізі

Қазіргі қоғамда отбасының рөлі арта түсуде. Әлеуметтік, экономикалық, саяси өзгерістер отбасы институтына да өз ықпалын тигізеді. Отбасының беріктігі тек рухани құндылықтарға емес, сонымен бірге материалдық жағдайларға да тәуелді. Сондықтан да ата-ананың міндеті – балаларға дұрыс тәрбие беріп, оларды болашақ өмірге дайындау ғана емес, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды ұрпақтарға аманат етіп қалдыру.
Ұлттық тәрбие, ата дәстүрін сақтау, өзара құрмет, сүйіспеншілік пен мейірім – мықты отбасының негізі. Отбасы мүшелері бір-бірін қолдап, ортақ мақсаттар мен құндылықтарды ұстанғанда ғана қоғамдағы отбасылардың рөлі арта түседі.
Отбасындағы татулық пен келісім қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуіне ықпал етеді. Сол себепті де отбасы – кез келген мемлекет пен ұлттың тірегі.
Гүлім ЖҰМАҒАЛИҚЫЗЫ,
11 сынып оқушысы,
Іңкәрдария ауылы