Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы

Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Жемқорлықпен ел болып күресіп жат-қанымызбен қолындағы билігін пайдаланып, реті келсе «бармақ басты, көз қыстының» керін жасап жеңіл пайдаға құныққандар аз емес. Қоғамымызда жемқорлықтың орын алуы, еліміздің экономикалық дамуы мен оның өркендеуіне кері әсерін тигізетіні баршамызға белгілі. Осыған байланысты онымен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барлық мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың ең басты міндеті деп қарауымыз керек.

Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

Осы мақсаттағы жұмыстарды жүйелі жүргізуге тағы бір серпін ретінде Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Сырдария аудандық спорт клубында бекітілген жылдық жұмыс жоспарға сәйкес, ай сайын түрлі шаралар қамтылып келеді.

Сыбайлас жемқорлық тек құқық бұзушылық емес. Бұл мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді төмендетеді және ұлттық қауіпсіздікке тікелей қатер төндіреді. Сондықтан мемлекет пен қоғам сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірігіп, әрекет етуі керек.


Диас ӘЛЖАНОВ,
 Сырдария аудандық спорт клубының басшысы
29 мамыр 2024 ж. 283 0