Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Саябек Сахиев: Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз

Саябек Сахиев: Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз

«Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Саябек Сахиев елімізде күні кеше, яғни 6 қазанда өткен референдумға қатысты пікірін білдірді.

"Кеше Қазақстан үшін тарихи күн болды: халық елдің энергетикасының болашағын анықтайтын, Қазақстанда АЭС салу туралы шешім қабылдады. Ядролық физика институтының қызметкерлері бұл жобаны қолдап, 20 аймақта түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оған 13 мыңға жуық адам қатысты.
Халық штабының оң рөлін атап өтпеу мүмкін емес, оның жұмысына мен де белсене қатыстым. Бізге жүктелген міндет жоғары деңгейде орындалды деп есептеймін. Қазақстан халқы атом электр станциясын салу және атом саласын одан әрі дамыту қажеттілігін қолдады.
Біз азаматтардың дұрыс таңдау жасағанына сенімдіміз.
Өз кезегінде Ядролық физика институты бұл саланы, соның ішінде ядролық технологияларды дамытуға және болашақ АЭС үшін мамандар даярлауға бар күшін салады. Бізде барлық қажетті инфрақұрылым, яғни студенттер мен болашақ атом станциясының қызметкерлері тәжірибе мен қайта даярлықтан өте алатын зерттеу реакторы бар.
Біз азаматтар жасаған таңдау Қазақстанның одан әрі дамуы мен өркендеуі үшін тағдырлы болады деген сенімдеміз", – деді Саябек Сахиев.

07 қазан 2024 ж. 61 0