Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Тұрмағамбет оркестрінің концертімен қорытындыланды

Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Тұрмағамбет оркестрінің концертімен қорытындыланды

Қызылорда облысының Алматыдағы өнер күндері Құрманғазы оркестрінің концерт залында өткен «ЖЫР - ҚАЗЫНА, КҮЙ - КҮМБЕЗ» атты Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрінің концертімен қорытындыланды.

Оркестр репертуарында халық әндері және Қазақстан композиторларының туындылары, классикалық шығармалар бар.

Концертте Сыр сүлейлерінің жыр-термелері шеру тартып, ақындар өлең оқыды. Қорқыт бабадан бері үзілмеген қобыз сарыны тыңдарман жүрегіне жол тапты.

Айта кетейік, 2007 жылы құрылған өнер ұжымы осыған дейін облыс әкімдігінің қолдауымен бірнеше мәрте шет елдерге гастрольдік сапармен барды.

Концертте де халық аспаптар оркестрінің өнеріне Алматы жұртшылығы ризашылықпен қошемет көрсетті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
23 қыркүйек 2024 ж. 300 0