Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

Мәдениет – ұлттың мәйегі. Осы бір сала ұлттың ұлылығын, елдің елдігін айшықтап тұратындай. Қыркүйек айының 21-22 күндері Алматы қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz 

Маңызды шараға сырдың сақа өнерпаздарының да дайындығы қызу. Күрделі шығармалар дайындалап, әлемнің бес тілінде әуезді әндер шырқалмақ. Мақпал мақам мен сұлу сазға шөліркеген Алматылық ағайынға жыршылар да жырдан шашу шашпақ. Оңтүстік астанада өтетін өнер күндерінің дайындығын облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Мира Қазбекова баяндап берді.

– Алматыда өтетін өнер күндеріне дайындық жүйелі жүргізілуде. Алматылықтар ең алдымен "Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі" атты көрмемен танысады. Көрмеге аймақтың жетістіктері мен әлеуметтік-экономикалық дамуын суреттейтін құнды экспонаттар қойылады. Әсіресе, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылып, жаңғыртудан өткен "Шірік-Рабат сақ жауынгері"," Сығанақ ханшайымы" мүсіндері көпшілікке ұсынылады. Әншілердің де репертуары толық өзгерді. Жаңа бағдарламамен Алматыға жол тартпақпыз. Облыс әкімінің қолдауымен әртістерімізге жаңа костюмдер әзірленді. Гала-концертте Алматыдағы жерлестеріміз де бой көрсетеді. Сондай-ақ терме бағыты бойынша білім алып жатқан Қызылордалық студенттерге де жыршы-жырауларымыздың шеберлік сағаты өткізіледі деп жоспарлануда,- деді Мира Жомартқызы.

Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
17 қыркүйек 2024 ж. 409 0