Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

Астана қаласында Қызылорда облысының өнер күндері өтеді

Алашқа ана болған Сыр елі Астана қаласының 25 жылдығына орай 8-9 желтоқсан күндері Астана қаласында Қызылорда облысының Өнер күндерін өткізеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz. 

Бағдарлама барысында Нартай Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театры 8 желтоқсан күні сағат 19.00-де Жастар театрында Ш.Айтматовтың «Жәмилә», 9 желтоқсан күні сағат 16.00-де Р.Отарбаевтың «Нарком Жүргенов» спектакльдерін сахналайды.

Сағат 16.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында елордалықтар облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұлтқа ортақ мәдени-рухани құндылықтарды арқау еткен «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің бесігі» көрмесімен таныса алады. Көрмеде бірінші рет «Шірік-Рабат сақ жауынгері» мен «Сығанақ ханшайымының» реконструкциялары ұсынылады.

Астана қаласының 25 жылдығына арналған Қызылорда облысының Өнер күндері сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында Сырдан шыққан өнер жұлдыздарының Гала концертімен түйінделеді.

Фото: ашық дереккөзден
03 желтоқсан 2023 ж. 525 0