Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер 

Әр күніңізге арналған пайдалы кеңестер 


* Күніне кем дегенде 10-30 минут серуендеңіз.
* Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта болыңыз.

* Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.

* Кітапты көп оқыңыз.

* Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70 жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші балалармен өткізіңіз.

* Армандаңыз.

* Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ, табиғи өнімдерді көбірек жеңіз.

* Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға жұмсамаңыз.

* Күніне кем дегенде үш адамға күлкі сыйлаңыз.

* Өткенді ұмытыңыз. Ескі жанжалдарды туыстарыңыздың есіне салмаңыз. Бұл бүгінгі бақытыңызға кедергі.

* Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмір – мектеп. Біз өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды бола түсу үшін келдік.

* Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.

* Өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Жақсы көретін адамдарыңызды да басқалармен салыстырмаңыз. Сіздің бақытыңызды сізден артық ешкім ойламайды.

* Кешірімді болыңыз. Басқа кісілердің сіз туралы не ойлайтынын білу маңызды емес.

* Егер ауырып қалсаңыз, жұмысыңыз сізді бағып-қақпайды. Сондықтан денсаулықты күтіңіз.

* Пайдасы жоқ, ұсқынсыз, қуаныш сыйламайтын нәрселердің бәрінен арылыңыз.

* Қызғану – уақытты босқа өткізу.

* Болашақ жарқын деп сеніңіз.

* Туыстарыңызға жиі хабарласып тұрыңыз.

* Кез-келген нәрседе асыра сілтеп, артық кетуден сақтаныңыз.



Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін, http://elana.kz/ сайтына сілтеме орналастырыңыз!
28 наурыз 2018 ж. 1 235 0