Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » "Қазақстандықтарға 140 мың теңге төлем беріледі": Министрлік желіде алаяқтардың жаңа тәсілмен аладап жатқанын ескертті

"Қазақстандықтарға 140 мың теңге төлем беріледі": Министрлік желіде алаяқтардың жаңа тәсілмен аладап жатқанын ескертті

Желіде барлық қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі мұның алаяқтардың жаңа тұзағы екенін айтып, халықты сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.

Деректерге сүйенсек, белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.

“Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуілеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.”, – делінген хабарламада.

Министрлік жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.

Фото: iStock
08 тамыз 2024 ж. 203 0