Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өркениеттер бас қосқан алаң

Өркениеттер бас қосқан алаң

Қазақ елінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл іс-шараның маңызы әлемдік деңгейде жоғары бағаланады. Бұл – халықаралық аренада танылған маңызды алаң. Саяси және діни қайраткерлер бас қосатын жер. Түрлі дін өкілдеріне осындай зор мүмкіндікті беріп отырған Қазақстанның басшыларына өркениеттердің басын қосқаны үшін алғыс айтамыз, деп жазады Kyzylorda-news.kz 

Біз Қазақстанның бұдан әрі де дінаралық және өркениетара­лық диалогті дамытуға үлесін қоса беретініне сенеміз. Қазір әлем бұрын-соңды болмаған қиындықты бастан кешіп жатыр. Мұнда ең басты міндет – Алла берген адам өмірін қорғау. Еуропада қасиетті Құран кітаптарының өртелуі алаң­дауымызға себеп болды. Бұл –сөз бостандығы деген желеу­мен жа­са­лып отырған жағдай. БҰҰ бұл әрекеттерді сынға алып, наразылығын білдірді. Біз бәріміз осындай арандатушылық істеріне қарсы бірауыздан өз үнімізді біл­діруіміз керек. Мен саяси көшбас­шылардан әлемді дінаралық қақ­тығыстардан, қатерлерден құтқару­ды сұраймын.

Шейх-уль Ислам Аллахшүкір ПАШАЗАДЕ,
Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы
05 шілде 2024 ж. 122 0