Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қауіпсіз аудан: рейд жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Қауіпсіз аудан: рейд жұмыстары жүйелі жүргізілуде

Балалар қауіпсіздігі – басты мәселе. Әсіресе, жазғы демалыс уақытында жасөспірімдердің өз уақытын тиімді өткізуіне аса мән беру орынды. Түнгі уақытта балалар мен жасөспірімдердің сағат 23.00-ден кейін заңды өкілдерінсіз көшеде жүруіне тыйым салынады. Осы ретте аудан көлемінде түнгі рейд жұмыстары тұрақты ұйымдастырылуда.

Аудандық білім бөлімі мен полиция бөлімі бір­лескен күшейтілген рейд жұмыстары аудан әкімінің тікелей бақылауында. Берік Әбдіғаппарұлы сала мамандарымен бірге түнгі уақытта аудан орта­лығындағы көпшілік жиналатын жерлерде болып, тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Про­филактикалық жұмыстар барысында жастар көп шоғырланатын орындар, орталық және шеткі көшелер қамтылды.

– Балалар қауіпсіздігіне баса мән беру қажет. Оның үстіне жаз мезгілі – балалар үшін демалыс уақыты болғандықтан, кешкі уақытта жүру, суға түсу сияқты жағдайлар жиі кездесіп жатады. Бұл ретте үйдегі ата-ана баласының жүріс-тұрысын қатаң бақылауда ұстауы қажет. Бұл қайғылы оқиғаны болдырмау және алдын алу үшін маңызды. Ең бас­тысы – амандық, қауіп пен қатерден сақтау. Осы орайда сала мамандарының жұмысын да күшейту қажет, – деді аудан әкімі.

Аудан бойынша жасөспірімдер арасында түн­гі мез­гілде ата-анасының қарауынсыз көшеде және ойын-сауық орындарында жүрудің алдын алу бойынша рейд жұмыстары тұрақты түрде ұйым­дас­тырылып жүр. Кент және ауылдық округтерде құрылған жұмысшы топқа аудан әкімдігі, білім бөлімі, полиция бөлімі және ата-аналар комитеті бір­лескен түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Рейд жұмыстары аула, саябақ пен орталық алаң, көпқабатты тұрғын үйлер мен демалыс орындарында ұйымдастырылуда. Арнайы құрылған топ адам көп шоғырланатын орындарда ата-аналар мен жасөспірімдерге заңды өкілдерінсіз мекен-жайдан тыс жерде жүргені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы бойынша шара көрілетінін ескертеді. Сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарына кәмелетке тол­мағандарды түнгі уақытта ойын-сауық меке­мелеріне кіргізу, алкогольдік және темекі өнімдерін сатудың заңдылығы түсіндіріледі.

Айта кетейік, жазғы демалыс уақытында түрлі жағдайлардың алдын алу үшін мамандар кеңесіне құлақ асу және мектеп оқушыларын бақылауда ұстау – ата-анаға жүктелер міндет. «Сақтансаң, сақтайды» деген мағыналы сөзді естен шығармау абзал. Кейде көше кезген жасөспірімдердің былапыт сөйлеп, ерсі қылыққа барып жүргенін байқап қалып жатамыз. «Қызым үйде, қылығы түзде» дейді халық даналығы. Сол айтпақшы, ел тыныштығы бұзылмасын десеңіз, түн тыныштығын сақтауға, балаңыздың кіммен, қайда жүргеніне баса мән беру керек. Сонымен қатар ата-аналарға баланың түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында жүруіне қатысты заңда жауапкершілік көзделгенін ескертеміз.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
02 шілде 2024 ж. 207 0